ДСМ: 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр

595

12.10.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат.

ДСМ: 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр Фото: Максим Морозов

ДСМ хабарлауынша, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 022 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың 72-сі – бала.

"Стационарларда 2 030 науқас жатыр. 992 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 84 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-ның бүгінгі хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу