ДСМ: 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

628

23.09.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат.

ДСМ: 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 524 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 32 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 868 науқас жатыр. 1 656 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 101 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп хабарлады бүгін ДСМ баспасөз қызметі.

Шұғыл штаб берген ақпаратқа сүйенсек, өткен тәулікте 155 адам індеттен жазылғандар қатарына қосылған. Осылайша аурудан айыққандар саны 102219-ға жетті. Дегенмен індет толық кеткен жоқ, мысалы өткен тәулікте 76 адамда вирус бары ПТР арқылы расталған. Жалпы елде вирус тарағалы 107450 адамға жұққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу