Дубай әуежайында дрон шабуылынан кейін рейстер уақытша тоқтады

237

Таяу Шығыста қақтығыс басталғалы бері әуежайға дрон шабуылы үшінші рет жасалды.    

Дубай әуежайында дрон шабуылынан кейін рейстер уақытша тоқтады Фото: euronews.com

Дубай халықаралық әуежайында дрон шабуылынан кейін өрт шықты. Дүйсенбі күні БАӘ Азаматтық авиация басқармасы рейстер уақытша тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты DW-ға сілтеме жасап.

Ұшулардың қашан қалпына келетіні әзір белгісі. Басқарманың мәліметінше, барлық жолаушы мен қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті сақтық шаралары қабылданған.

Дубай қаласының баспасөз қызметі хабарлағандай, халықаралық әуежай маңында болған дрон шабуылы бір отын сақтау резервуарының жұмысына әсер еткен. Өрт тез арада оқшауланды.

Полиция әуежайға баратын жолдар мен туннельдер уақытша жабылғанын хабарлады. Emirates әуе компаниясы Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты. Кейбір рейстер Әл-Мактум халықаралық әуежайына бағытталған.

Reuters агенттігінің жазуынша, Дубай халықаралық әуежайына дрон шабуылымен байланысты осымен үшінші жағдай тіркеліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу