Дубайда Қазақстанның сауда үйі ашылды

448

Дубайда Қазақстанның сауда үйі және Qaz Steppe Innovation Hub ашылды.  

Дубайда Қазақстанның сауда үйі ашылды Фото: expo2020dubai.com

Шара Қазақстан кәсіпорындары сауда-экономикалық делегациясының Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары аясында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Отандық кәсіпкерлерді Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастап барды. Хаб озық қазақстандық стартап жобаларға арналған. Іс-шараға 200-ден астам компания, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр. Бүгін өтетін келіссөздер қорытындысы бойынша құны 20 миллион доллар болатын келісімге қол қою жоспарланған.

БАӘ Экономика министрлігінің бас хатшысы Джамал Бин Саиф Әл-Джарванның айтуынша, қазақстандық бизнес делегациямен кездесуде біз екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың келешегін талқыладық. Қазақстандық сауда үйінің тұсаукесері бізге елдегі бизнес-ортаны жаңартып, инвестиция мен өзара сауданы арттыру әлеуетін көрсетті. Біз Қазақстанмен тиімді серіктестікті дамытуға ниеттіміз.

"Бұл біздің отандық тауар өндірушілерге үлкен мүмкіндік. Араб әмірлігінің тұтынушысына біздің елімізде шыққан тауар жетуі керек. Алдымызда тұрған бұл - отандық қолөнершілердің төлтуындылары. Мұны біз әлемге паш етуіміз керек. Бұл біздің ұлттық мәдениетіміз. Бұйыртса бұл араб әмірлігіндегі біздің президентіміз қойған межесі бар, тауар айналымын бір миллиардқа дейін жеткізуіміз керек", - деді Алтын Орда" авторлық дизайн үйінің директоры Ырза Тұрсынзада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу