Дубайдың халықаралық әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты

162

Бұл туралы Дубай үкіметінің БАҚ кеңсесі мәлімдеді.

Дубайдың халықаралық әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты Фото: dubaiairports.ae

Мәліметке сәйкес, шешім жолаушылардың, әуежай қызметкерлерінің және әуе компаниялары экипаждарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Барлық шаралар белгіленген қауіпсіздік талаптарына сай жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Анадолы агенттігінің дерегінше, Біріккен Араб Әмірліктерінің әуе қорғаныс жүйелері Иран тарапынан төнген баллистикалық зымырандар мен дрондар қаупіне қарсы әрекет етуде. Әуе қорғанысы бірнеше зымыранды жойып, әскери ұшақтар дрондар мен қанатты зымырандарды бейтараптандырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу