Дүниежүзілік банк рейтингінде Қазақстан бірнеше сатыға жоғарылады

744

Рейтингте логистикалық тиімділік пен инфрақұрылым сапасы да назарға алынды. 

Дүниежүзілік банк рейтингінде Қазақстан бірнеше сатыға жоғарылады

Дүниежүзілік банктің жүк тасымалдау бойынша рейтингінде Қазақстан 71-орынға тұрақтады, деп хабарлайды 24.kz.

160 мемлекет ескерілетін бұл санақта еліміздің нәтижесі жақсарып келеді. Мысалы, жүкті дер кезінде жеткізу жағынан Қазақстан 42-орында.

Рейтингте логистикалық тиімділік пен инфрақұрылым сапасы да назарға алынды. Қазақстандағы кедендік рәсімдеудің тиімділігі артуы арқасында еліміз жиырма бірінші тұғырдан көрінді.

Ал екі жыл бұрынғы көрсеткіш негізінде Қазақстан Дүниежүзілік банктің "Логистика тиімділігі индексі" рейтингісінде "Инфрақұрылым сапасы" көрсеткіші бойынша 106-дан 65-орынға жоғарылағанын еске саламыз.

Логистикалық тиімділік индексі бойынша: 2016 – 77 орын 2018 – 71 орын;  кедендік рәсімдеу тиімділігі бойынша: 2016 - 86 орын 2018 – 65 орын; жүкті дер кезінде жеткізу бойынша:  2016 – 92 орын 2018 – 50 орын;
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу