Дүниежүзілік банк Түркияның кәсіпорындарына 450 миллион доллар бөлді

378

Дүниежүзілік банк 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен зардап шеккен кәсіпорындарды қолдауға ниетті.

Дүниежүзілік банк Түркияның кәсіпорындарына 450 миллион доллар бөлді Фото: google.com

Дүниежүзілік банк зілзаладан кейін шағын және орта бизнестің жабылуын болдырмауға және оларға жұмыс орындарын сақтап қалуға бағытталған 450 миллион долларлық жобасын жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік банк таратқан мәлімдемеге сүйенсек, аталмыш жобаның мақсаты зілзаладан зардап шеккен кәсіпорындарды қалпына келтіру болып табылады. Сонымен қатар, оларға өз қызметін қайта бастауға мүмкіндік береді. Жұмысшыларды жалдау арқылы жер сілкінісі аймағындағы тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Дүниежүзілік банктің Түркия бойынша директоры Умберто Лопес: "Бұл кәсіпорындар өндіріс, экспорт және жұмыспен қамту тұрғысынан түрік экономикасына айтарлықтай үлес қосады. Жер сілкінісінің салдарымен күресу үшін олардың тұрақтылығын арттыру мен жұмыспен қамтуды қолдау арқылы экономикаға оң әсер етеді", - деді өз сөзінде.

Жоба шеңберінде тиісті кәсіпорындарға шығындарын өтеу үшін қайтарымды қаржыландыру беріледі.

Неғұрлым осал топтарды қолдау мақсатында қайтарымды қаржыландыру көлемінің 10 пайызы тек әйелдерге тиесілі немесе олар басқаратын кәсіпорындарға бөлінеді.​​​​​​​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу