Дүниежүзілік банк жаңа дағдарыстың басталғанын хабарлады

822

Экономистердің айтуынша, бұл жолғы дағдарыстың әсері алдыңғыларға қарағанда анағұрлым күшті болмақ.

Дүниежүзілік банк жаңа дағдарыстың басталғанын хабарлады

Дүниежүзілік банк жаңа дағдарыстың басталғанын хабарлады. Қаржы ұйымы сарапшыларының пікірінше, оған Қытай мемлекеті әсер еткен, деп хабарлайды Atameken Business.

Экономистердің сөзінше, бұл жолғы дағдарыстың әсері алдындағыларына қарағанда анағұрлым күшті болмақ. Дүниежүзілік банк сарапшылары дағдарысты әлем елдері қарыздарының тым көбейіп кеткенімен байланыстыруда.

Қазір әлемдік қарыздың көлемі 246 триллион долларға жеткен. Бұл жаһандық жалпы ішкі өнімнен үш есеге көп және бұл әлемдегі барлық азық-түлік пен қызметтердің жалпы құнынан да асып кеткен. Әсіресе Қытай елі соңғы он жылда қарыз алуын көбейткен.  Оның жалпы қарызы 20 триллион долларға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу