Дүниежүзілік көшпенділер ойынын 2022 жылға шегеру ұсынылды

1169

Түркі кеңесінің бейресми саммитінде келесі басқосу Түркияда  өтетіні жарияланды.  

Дүниежүзілік көшпенділер ойынын 2022 жылға шегеру ұсынылды

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің 8 - саммиті биыл 12 - қарашада Ыстанбұл қаласында ұйымдастырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"2016 жылғы қыркүйекте Қырғызстанның Шолпан ата қаласында Түркі кеңесінің 6-шы саммиті өткен болатын. Сол жиында 4-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынын Түркияда өткізу туралы шешім қабылдаған едік. Егер сіздер рұқсат етсеңіздер, бұл ойындарды мына коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырып, 2022 жылы өткізейік", – деді Режеп Тайип Ердоған.

Бұдан кейін Түркия басшысы Түркі кеңесіне мүше елдердің басшыларын Анталия дипломатиялық форумына, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің 8 - саммитіне шақырды.

"Анталия дипломатиялық форумы маусым айында өтеді. Форум түрлі салада пікір алмасу алаңы ретінде жұмыс істейді. Түркі кеңесінің 8 - саммитін 2021 жылғы 12 қарашада Ыстанбұлда өткіземіз деп үміттенемін", – деді Режеп Тайип Ердоған.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу