Дүниежүзілік пошта одағының жарғысына өзгеріс енгізілді

1041

Халықаралық құжат сенаттың жалпы отырысында қайта қаралады.

Дүниежүзілік пошта одағының жарғысына өзгеріс енгізілді

Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында "Дүниежүзілік пошта одағының жарғысына тоғызыншы қосымша хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды.

Айта кетейік, біздің ел осыдан 8 жыл бұрын Дүниежүзілік пошта одағының мүшесі атанып, үкіметтің өтініші негізінде Дүниежүзілік пошта одағының жарғысына қосылған.

"Дүниежүзілік пошта одағының басты мақсаты – бүкіл әлемдегі адамдардың қарым-қатынасын жеңілдету үшін әмбебап, тиімді, қолжетімді пошта қызметтерінің сапасын тұрақты дамытуға ықпал ету. Дүниежүзілік пошта одағы консультациялық қызмет атқарады, техникалық көмек көрсетеді, халықаралық пошта алмасуларына арналған ережелерді белгілейді, пошта қызметтері көлемінің өсуін ынталандыру бойынша ұсыным береді", – деді кеңейтілген отырыста цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов. 

Біле жүріңіз, Дүниежүзілік пошта одағының жарғысына тоғызыншы қосымша хаттама 2016 жылғы 6 қазанда Ыстанбұл Дүниежүзілік пошта одағының 26 Конгресінде жасалды. Басқосу барысында жарғыға пошта қызметін ұсыну процесіне және пошта жөнелтімін жеткізу мерзіміне әсер етпейтін редакциялық сипаттағы өзгеріс енгізілді. Комитет мүшелерінің сараптамасынан өткен құжат сенаттың жалпы отырысында қайта қаралатын болды.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу