Джефф Безос планетаны құтқару үшін 1 млрд доллар бөледі

709

Оның қоры 2030 жылға дейін 10 млрд доллар шығындамақ.

Джефф Безос планетаны құтқару үшін 1 млрд доллар бөледі

Amazon компаниясының негізін қалаған Джефф Безос планетаны құтқару үшін 1 миллиард доллар бөлуге уәде берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл – Bezos Earth Fund қорының уәдесі. Қорды әлемдегі ең бай адам саналатын Безос 2020 жылы құрған болатын. Миллиардер климаттың өзгеруімен күрес жүргізіп жатқан ғалымдардың, белсенділердің және коммерциялық емес ұйымдардың қызметін қаржыландыруға 2030 жылға дейін 10 миллиард доллар бөлуге уәде берген еді.

Кәсіпкердің ойынша, климаттың өзгеруі – планетаға төнген ең үлкен қауіп. 2021 жылғы грант Орталық Африкадағы Конго, Латын Америкасындағы солтүстік Анд және Тынық мұхитын қорғауға бағытталған экологиялық бағдарламаларға үлестіріледі.

Қыркүйек айының басында миллиардер Билл Гейтс планетаны құтқару үшін жүздеген миллион доллар көлемінде қаржы жинаған еді. Оған тиесілі Breakthrough Energy коммерциялық емес ұйымы АҚШ-тың жеті ірі компаниясынан инвестиция тартқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу