Джей Лоның Астанадағы концертінде төбелескен әйелдің соты өтті

312

Көп балалы ананың ісі Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.  

Джей Лоның Астанадағы концертінде төбелескен әйелдің соты өтті Фото: Видеодан скриншот

Соттың мәліметінше, іс ұсақ бұзақылық дерегі бойынша қаралған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сот 2025 жылғы 1 тамыз күні сағат 21:00 шамасында К. есімді азаматша "Астана Арена" стадионында көрермен ретінде болып, өзін агрессивті ұстағанын, айналасындағыларды итеріп, қоғамдық тәртіпті бұзғанын және іс-шараға келген өзге адамдарға қолайсыздық тудырғанын анықтады.

Оның кінәсі куәгерлердің сөзімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сондай-ақ оқиға орнынан алынған бейнежазбамен дәлелденді.

Сотта ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігінің санкциясы – 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды, 20-дан 60 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарды немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамаққа алуды көздейтіні еске салынды. Алайда азаматшаның 14 жасқа толмағандарды қоса алғанда бес баласы болғандықтан, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 50-бабына сәйкес оған әкімшілік қамақ қолданылмайды.

Істі қарау қорытындысы бойынша әйел кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде, яғни 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды. Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 2025 жылдың тамыз айында Астанада Джей Лоның концертінде тәртіп бұзған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу