Джек Ма Alibaba-ның 10 миллион акциясын сатпақ

230

Олардың құны шамамен 871 млн доллар.  

Джек Ма Alibaba-ның 10 миллион акциясын сатпақ Фото: Getty Images

Alibaba Group Holding негізін қалаушы Джек Ма Alibaba-ның 10 миллион акциясын (ADR) сатады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Олардың құны шамамен 871 млн доллар.

АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына (ӘКК) жіберілген құжаттар бойынша, акцияларды 21 қарашада JSP Investment және JC Properties қорлары сатады.

Джек Ма 2013 жылы Alibaba бас директоры лауазымынан бас тартып, 2019 жылы Директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кеткен болатын.

Қазіргі уақытта Alibaba-ны компанияның негізін қалаушылардың бірі және Джек Маның бұрынғы көмекшісі Эдди У басқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу