Сүйінші жаңалықты Дүниежүзілік каратэ федерациясының (WKF) сайты растап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Голливуд фильмдерінің жұлдызы Джеки Чан каратэден ресми түрде қара белбеу атанды. Символды табыстау рәсімі Нью-Йорк қаласында "Karate Kid: Legends" жаңа фильмінің премьерасы барысында ұйымдастырылды. Чаннан өзге оның әріптесі Ральф Маккьо да қара белбеуді иеленді.
Кино көрсетіліміне және марапаттау іс-шарасына Олимпиада қатысушысы, каратэден АҚШ чемпионы Томас Скотт та қатысқан. Мерекелік жиын WKF мен "Karate Kid: Legends" франшизасын жасаушылар арасындағы серіктестіктің бір бөлігі деуге болады.
Айта кетейік, "Karate Kid: Legends" фильмі әлем бойынша 8 мамырда көрерменге жол тартады. Аталған туындыда Чан мен Маккьо жас талант Ли Фонгтың (Бен Ван) Нью-Йоркке бейімделуіне, каратэ турниріне қатысуына көмектеседі.
Онда тәжірибелі жекпе-жек шеберлерін ойнап, көрсетеді. Фильмнің режиссері – Джонатан Энтуистл, сценарийін Роб Либер жазған.