Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билеттер 160-180 мың теңгеден сатылып жатыр

1094

Қазір би алаңы мен трибунадағы орындарға соңғы билеттер қалған. 

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билеттер 160-180 мың теңгеден сатылып жатыр Фото: bild.de

Бұл туралы іс-шараны ұйымдастырушы First Media Group және CA Entertainment компаниялары хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Ұйымдастырушылар стадион сызбасы бойынша келіссөздер аяқталғанын және бастапқы сатылымда қолжетімсіз болған қосымша орындардың ашылғанын хабарлады. Бұл көрермендер үшін таңдау мүмкіндігін кеңейтіп, шоуды тамашалау сапасы мен жайлылық деңгейін төмендетпей, қосымша билеттер ұсынуға мүмкіндік берді. Билеттерді www.ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады", – делінген ақпаратта.

Осылайша, Дженнифер Лопестің концерті 1 тамыз Астанада, 10 тамыз Алматыда өтетін болды.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Орталық стадион.

Алғашында Дженнифер Лопестің Up All Night Tour атты әлемдік турнесі 3 тамыз Ереванда аяқталады деп жоспарланған. Алайда қазақстандық жанкүйерлерінің әлеуметтік желілердегі қолдауынан кейін әншінің командасы турды ұзартуға және тур кестесіне Қазақстанда қосымша күн енгізу туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, концертке билеттер бағасы сахнаның дәл алдындағы қатарға 180 мың теңгеден, сахнаға жақын орындарға билеттер 160 мың теңгеден сатылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу