Бұл туралы Financial Times басылымы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Басылымның мәліметінше, Хуангтың жақтастарының бірі Кремний алқабындағы ірі технологиялық компаниялардың басшыларын жинап, Nvidia директорлар кеңесін оны қайта тағайындауға көндіруге тырысуда. Бұл бастаманы қолдауға тіпті Ақ үйді де шақырған.
Осы мақсатта ашық хат жазылып, оған Tesla және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск пен Epic Games жетекшісі Тим Суини қол қойған.
"Дженсенді қайта қабылдау туралы петиция жүріп жатыр, мен де оған қол қойып жатырмын", – деп жазды Маск жұма күні X желісінде.
FT мәліметінше, Nvidia қызметкерлерінің бір бөлігі де Хуангтың оралуын қолдайды. Алайда оның қызметіне қайта келуіне Вашингтон қарсы болуы ықтимал. Бұған дейін АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Хуанг кеткеннен кейін Nvidia басшылығында түбегейлі өзгеріс болуы керегін айтқан еді. Әрі Хуанг АҚШ Конгресіне түсініктеме беру үшін шақырылды.
Nvidia компаниясының бас директоры Дженсен Хуангтың жеке байлығы тыңшылыққа қатысты күдікпен басталған ішкі тергеуден кейін 7,4 млрд долларға азайды. Акциядардың бағасы құлдырады.
13 қарашадағы сауда қорытындысында Nvidia-ның нарықтық құны шамамен 3,92 триллион доллар болды.
Nvidia – жасанды интеллект жүйелеріне қажетті озық графикалық процессорлар мен чиптерді өндіретін әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. Дженсен Хуанг компанияны 1993 жылы құрып, 33 жыл бойы басқарған.
Айта кетейік, "тыңшылыққа" қатысты дауға Дженсен Хуангтың Элис Хуанг есімді кәсіпкер әйелмен қарым-қатынасы туралы ақпарат себеп. "Курсив" басылымының 9 қарашадағы мәліметінше, Nvidia басшысы қызметкерлеріне жолдаған хатында бұл байланысты мойындап, отбасынан кешірім сұраған. Элис Хуанг Сингапурдегі Nvidia чиптерін сатып алатын Megaspeed компаниясымен байланысты.
АҚШ арнайы қызметтері кәсіпкер әйел Қытайдың мүддесі үшін ақпарат жинауы мүмкін деген күдікке ілінгенін хабарлады. Осыдан кейін Nvidia директорлар кеңесі 8 қарашада тәуелсіз директорлар мен сырттан тартылған заңгерлердің қатысуымен ішкі тергеу басталғанын жариялады. Дженсен Хуанг та тексеруге толық қолдау білдіріп, тергеу жұмыстарына көмектесуге дайын екенін айтты.
11 қарашада Дженсен Хуанг қызметінен кетіп, директорлар кеңесі құрамынан шығарылды. Енді ол міндетті қаржы директоры Колетт Кресс басқарады.
Қазір Nvidia компаниясы Хуангтың қызметтен кетуіне себеп болған жағдайларды тәуелсіз тексеріп жатыр.