Джо Байден келесі сайлауға қатысады

570

Ол қазір 79 жаста.

Джо Байден келесі сайлауға қатысады

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден екінші мерзімге сайлануды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақ үйдің ресми өкілі Карин Жан-Пьердің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Келесі сайлау 2024 жылы ұйымдастырылады.

Байден бұған дейін ол сайлауға түсетінін бірнеше рет хабарлаған болатын.
Маусым айында Джо Байденнің рейтингі тарихи минимумды жаңартып, 36%-ға дейін түсіп кеткен еді. Бұл экс-президент Дональд Трамптың көрсеткішінен де төмен.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Байденнің рейтингіне бензин бағасының өсуі, балаларға арналған қоспалардың жетіспеушілігі, қару-жарақ айналымын бақылау төңірегіндегі даулар кері әсер етті.

Ескере кететін жайт, Джо Байден қазір 79 жаста.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу