Джо Байден Си Цзиньпинді "диктатор" деп атап Қытай билігін ренжітіп алды

791

Джо Байденнің Си Цзиньпин туралы "диктатор" деген мәлімдемесі, 2 ел арасындағы онсыз да қырғи-қабақ қарым-қатынасты шиеленістіре түскендей. 

Джо Байден Си Цзиньпинді "диктатор" деп атап Қытай билігін ренжітіп алды Фото: zerkalo

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі, АҚШ президентінің сөзін ашық саяси арандатуға балап отыр. 

Сондай-ақ Мао Нин, Байденнің мәлімдемесіне байланысты "бұл Қытайдың саяси абыройына нұқсан келтіріп,  дипломатиялық хаттаманы өрескел бұзу. Қытай тарапы мұнымен келіспейді әрі үзілді-кесілді қарсы екенін мәлімдейді" - деп жауап берді. 

Айта кетерлігі Джо Байденнің осы даулы мәлімдемесінен бір күн бұрын, АҚШтың  мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру мақсатында Пекинге барған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу