Джо Байден төтенше жағдай жариялады

1283

АҚШ-тың Кентукки штатында болған торнадоның салдарынан шамамен 100 адам қайтыс болды. 

Джо Байден төтенше жағдай жариялады

Бұл алдын ала жасалған болжам, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кентукки губернаторы Энди Бешир: "Бұл – мемлекет тарихындағы ең жойқын торнада", – деп мәлімдеді. 

Оның сөзінше, торнаданың зардабын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. 

"Кентуккиде шамамен 100 адам адам қайтыс болды деген болжам бар. Ұлттық ұланның 189 әскери қызметшісі зардап шеккендерді іздеу және қалпына келтіру жұмысын атқарып жатыр", – деді Кентукки губернаторы.

АҚШ Президенті Джо Байден Кентуккиде төтенше жағдай жариялады. Торнадодан Арканзас, Миссури, Иллинойс штаттарының тұрғындары да зардап шеккен. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу