Джордж Флойдтың өліміне қатысы бар полицей қамаудан шығарылды

646

Кепіл ретінде 750 мың доллар төленген.  

Джордж Флойдтың өліміне қатысы бар полицей қамаудан шығарылды

АҚШ-та афроамерикалық Джордж Флойдты тұтқындаған тәртіп сақшыларының бірі Томас Лейн бостандыққа шығарылды. Нақтырақ айтқанда, ол кепіл қаражаттың көмегімен босатылып отыр. Кепіл қаржы көлемі – 750 мың доллар. Оны қолдауға бағытталған ақша арнайы сайттың көмегімен жиналған екен.

Оның қорғаушысының айтуынша, Флойд ұсталған күнге дейін Лейн полицияда небәрі төрт күн жұмыс істеп үлгеріпті. Ол сондай-ақ Флойдқа медициналық көмек көрсетпек болғанын да мәлім етті. Қазір экс-полицейге абайсызда адам өлтіруге болысты деген айып тағылып отыр.

Афроамерикалықтың өлімінен кейін АҚШ-та әлі күнге дейін ереуілдер басылмай отыр. 25 мамырда төрт тәртіп сақшысы дүкенде жалған ақшамен сауда жасамақ болған Джордж Флойдты тұтқындайды. Оны қолға түсіру барысында Дерек Шовин есімді азамат оны жерге жатқызып қойып, аяғымен мойнын 8 минут бойы басып тұрған. Есінен танған афроамерикалық ауруханаға жеткізілгенімен, өкінішке қарай, мекемеде жан тапсырды.

Осы жайттан кейін бірқатар штатта және басқа да елдерде халық нәсілшілдікке қарсы ереуілге шығып, оның арты тәртіп сақшыларымен арадағы қақтығыстарға, тәртіпсіздіктерге ұласып кетті. Осы орайда жергілікті билік тіпті коменданттық сағат енгізген болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу