Дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі тікелей эфирден көрсетіледі

937

Әлемдік Гран При кезеңіне Қазақстан құрамасынан 15 татами шебері қатысады. 

Дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі тікелей эфирден көрсетіледі

Қазақстандықтар дзюдодан әлемдік Гран При кезеңін тікелей эфирден тамашалай алады, деп хабарлайды kaztrk.kz.

27-29 шілде күндері Хорватия астанасы Загреб қаласында дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі өтеді. Халықаралық додаға әлемнің 81 елінен 557 дзюдошы қатысуға өтініш білдірген. Ал Қазақстан құрамасынан 15 татами шебері қатысады деп жоспарланған.

Әлемдік додада ел намысын ерлер арасынан - Рустам Ибраев (60 кг), Жақсыбек Жеңісбек (60 кг), Ерлан Серікжанов (66 кг), Ғұмар Қырғызбаев (66 кг), Нұрлан Оразалин (73 кг), Бекжан Абдуалиев (81 кг), Қырықбай Ғалымжан (+100 кг) ал, әйелдер арасынан - Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг), Камшат Қарасайқызы (52 кг), Севара Нишанбаева (57 кг), Иоланта Бердибекова (63 кг), Зере Бектасқызы (70 кг), Аэлита Щербакова (70 кг), Зарина Райфова (-78 кг), Гүлжан Исанова (+78 кг) қорғайды.                            

Аталған бәсекені "Qazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция уақыт: 27 шілде, 20:55-те.           

Айта кетейік, екінші жарыс күнін 28 шілде күні "Qazsport" арнасынан 20:55-те, бәсекенің үшінші күнін 29 шілде күні,  сағат  20:55-те көре аласыздар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу