Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев жаңа салмаққа ауысады

1196

Елдос Сметов те 66 келі салмаққа өтеді.

Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев жаңа салмаққа ауысады

Дзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев еліміздегі танымал дзюдошылардың жаңа салмақ дәрежесіне ауысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

"Ғұсман Қырғызбаев 66 келі салмаққа ауысады. Бұл салмаққа Елдос Сметовтің де өтетінін айттым. Бұл жігіттердің ең басты бәсекелестері – шетелдік дзюдошылар. Ал өзара бауыр болып кеткен. Бұған дейін 66 келіде белдескен Ерлан Серікжанов 73 келіге ауысты. Бұл салмақта Жансай Смағұлов барын білесіздер. Ал 90 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ислам Бозбаев 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайды", – деді бапкер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу