Е.Досаев: Алматыда ArtSport бағдарламасы бойынша 2,5 миллиард теңге ұрланған

476

Бұл туралы қала басшысы Алатау ауданында тұрғындармен кездесуінде мәлімдеді.  

Е.Досаев: Алматыда ArtSport бағдарламасы бойынша 2,5 миллиард теңге ұрланған Фото: elements.envato.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев "ArtSport" бағдарламасы бойынша 2022 жылы бөлінген 20 миллиард теңгенің 2,5 миллиард теңгесі ұрланғанын айтты. Сондықтан баланың келгенін жазып алатын арнайы QR-код енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Өткен жылы Алматыға 20 миллиард теңге бөлінді, оның 2,5 миллиард теңгесі ұрланған. Біз компанияларды сотқа бермекпіз", - деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Әкім сол себепті әр баланың үйірмеге келуін жазып алатын арнайы QR-код енгізілетінін айтты.

Әкімнің айтуынша, биыл Алматыда 16 миллиард 200 миллион теңге бөлініп, бюджет бір тиынға да қысқартылған жоқ. Алты ауданның әрқайсысына 2 миллиард 350 миллион теңгеден бөлінді, балаларға мүмкіндік ашылды. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ.

Желтоқсан айының соңында ArtSport бағдарламасының шарттарына өзгерістер енгізілді. Бұған дейін Бас прокуратура 1,1 млрд теңгеге бюджет ақшасының ұрланғанын анықтаған болатын. Жемқор шенеуніктер іс жүзінде ешқайда кетпеген 6 мыңға жуық баланы үйірмелер мен секцияларға қабылдаудың схемасын әзірледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу