e-Gov порталында декларация тапсырудың жаңа сервисі іске қосылды

544

"Электрондық үкімет" порталында (Е-gov.kz) "Кеден және салықтар", "Салық салу" бөлімінде кірістер мен мүлік туралы декларацияны электронды түрде ұсыну бойынша функционал іске қосылды, деп жазады inbusiness.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

e-Gov порталында декларация тапсырудың жаңа сервисі іске қосылды Фото: dknews.kz

Салық кодексінің 633-бабына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) Салық кодекстің 630-бабының 1-тармағында аталған жеке тұлғалар жыл сайын, активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) ұсынылатын жылдан кейінгі жылдан бастап есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ұсынады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) да Е-gov.kz порталы арқылы тапсыруға болады. Оны ағымдағы жылы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметкерлері мен олардың жұбайлары ұсынуы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу