Ерлан Қарин: Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар жүзеге асырыла бастады

280

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген бастамаларды іс жүзінде жүзеге асыру процесі басталғанын айтты.  

Ерлан Қарин: Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар жүзеге асырыла бастады Фото: gov.kz

"Мемлекет басшысы Атырауда сөйлеген сөзінде лудоманияға тәуелділікке қарсы күрес туралы заң жобасын Парламенттің ағымдағы сессиясы аяқталғанға дейін қабылдануы тиіс екенін айтты. Бүгін Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заң жобасының, сондай-ақ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске ілеспе түзетулердің таныстырылымы өтті. Жобаны AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев таныстырды", - деп атап өтті Ерлан Қарин.

Айтуынша, парламентарийлердің бастамасымен әзірленген заң жобалары халықты ойынға тәуелділіктен қорғауға бағытталған.

"Заң жобасын талқылауға бұл мәселені қоғамдық ортада бірінші болып жандандырған Парламент депутаттары да, Ұлттық құрылтай мен Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері де қатысқанын айта кеткен жөн", - деді мемлекеттік кеңесші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу