e-Otinish арқылы бір жылда 5 млн өтініш түскен

151

Дереккөзге сүйенсек, былтыр өтініштердің саны 4 млн болған екен.

e-Otinish арқылы бір жылда 5 млн өтініш түскен Фото: old.cronos.asia

2025 жылы қазақстандықтар e-Otinish арқылы мемлекеттік органдарға 5 млн рет өтініш жазған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның мәліметіне сүйенсек, бұл өтініштердің 4 миллионы – жеке тұлғалардан, 1 миллионы – заңды тұлғалардан түскен. 

Компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бірыңғай цифрлық платформаны іске қоспас бұрын өтініштер әр ведомствоның өз арналарымен қабылданып, тіркелетін. Бұл азаматтар үшін қолайсыздық туғызып, үдерістердің ашықтығын төмендетіп, ведомствоаралық бақылау мүмкіндіктерін шектейтін.

e-Otinish осы үдерістерді бір жүйеге біріктіріп, ашықтықты, ыңғайлылықты және орындау мерзімдерін бақылауды қамтамасыз етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу