"Е-Qurylys" жобасы қағазбастылықты қысқартады

767

Құрылыс нысандарына камералдық мониторинг орнатылады.  

"Е-Qurylys" жобасы  қағазбастылықты қысқартады

Ел аумағында құрылыстың ашықтығын және салынып жатқан ныандардың сапасын бақылауды күшейту үшін "Е-Qurylys" жобасы қолға алынады. Шара шеңберінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, халықты әлеуметтік қорғау, өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерді сонымен қатар басқа да мүдделі органдарды тарта отырып, құрылыстың барлық қатысушылары үшін бірыңғай цифрлық алаң құрылады. 

"Е-Qurylys" жобасы құрылысқа қатысушыларды тапсырысты электронды цифрлық қолтаңба арқылы орындауға міндеттейді.

Осы арқылы құрылыстағы қағазбастылықты қысқартады. 

Жаңа жоба мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары мен басқа да бақылаушы мекемелердің құрылыс нысандарына камералдық мониторинг орнатуын қамтамасыз етеді.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу