E-Salyq Azamat арқылы жалпыға бірдей декларация тапсыруға болады

3188

Салық декларациясын смартфон арқылы да тапсыру мүмкіндігі пайда болды.

E-Salyq Azamat арқылы жалпыға бірдей декларация тапсыруға болады

Мүлкі мен кірістері туралы декларация тапсыруға міндеттелген азаматтар мобильдік қосымша арқылы шаруасын тындыра алады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Өздеріңіз білетіндей, биылдан бастап біздің елде жалпыға бірдей декларациялау енгізілді. Осы декларацияның формасын E-Salyq Azamat қосымшасы арқылы тапсыруға болады. Ол қосымшаға интуитивті интерфейс ретінде орнатылған. Сұрақ-жауап форматында қолдануға болады. Гаджет экранына "Қандай салық кезеңін қамтығыңыз келеді", "Қандай декларация түрін тапсырасыз" деген сияқты сұрақтар шығады. Соларға жауап беру арқылы декларация толтырасыз. Жалпыға бірдей декларацияның 250-формасын осы қосымша арқылы оп-оңай тапсыруға болады", - деді Жайдар Іңкәрбаев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу