"Е-Salyq Business" мобильді 27 мыңнан астам кәсіпкер пайдалануда

1042

Жыл соңына дейін қосымшаны фермерлер мен шаруа қожалықтары қолдана алатындай етіп жетілдіру жоспарлануда. 

"Е-Salyq Business" мобильді 27 мыңнан астам кәсіпкер пайдалануда

"Е-Salyq Business" мобильді қосымшасында хабарламалар мен анықтамаларды алу қызметтері ұсынылады. Аталған функционал іске асырылғанға дейін декларацияланған кірістердің мөлшерін растау үшін салық төлеушілер тікелей мемлекеттік кіріс органына өтініш беретін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев айтты, деп жазды inbusiness.kz.

“Қазір анықтама беру модуліне кіріп, қажетті анықтаманың түрін таңдап, кезеңін көрсетіп, алуға болады. Салық органдарына барудың қажеті жоқ”, – деді спикер. 

Сондай-ақ қосымшада жеке кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгерту функционалы қосымша пысықталуда. Мәселен, жеке кәсіпкердің мекен жайын, қызмет түрлерін өзгерту. 

“Бұл басқа ақпараттық жүйелермен интеграцияға әсер ететін процедура. Осы бағытта жұмыстар сәтті аяқталғаннан кейін оны қосымшада жариялаймыз. Осылайша, "E-Salyq-Business" мобильді қосымшасының көмегімен кәсіпкерлер салық органдарына бармай-ақ, қызметтер спектрін қашықтан алатындай етіп жасауға тырысудамыз. Тұтастай алғанда, кәсіпкерлер аталған өнімге қызығушылық танытып отыр. Мобильді қосымшаның қолдау қызметіне келіп түскен барлық ұсыныстар мен ескертулер талқыланып, ең қызықты және қажеттісі жұмыс жоспарына енгізіледі", – деді Панбаев. 

Жыл соңына дейін "E-Salyq Business" қосымшасын фермерлер мен шаруа  қожалықтары да пайдаланатындай етіп, функционалын кеңейту жоспарланып отыр. Жүйені жетілдіру бойынша жұмыс жасалуда. 

Еске сала кетсек, мобильді қосымша 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл ел аумағында жұмыс істейді. Бұл тегін қосымшаны App Store, Play Market және App Gallery-ден жүктеуге болады.

Бүгінгі таңда қосымшаны 27 мыңнан астам кәсіпкер пайдалануда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу