ЕАЭО аясында Арменияға төмен импорттық баж салығы салынады

585

Сенатта "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң қабылданды. 

ЕАЭО аясында Арменияға төмен импорттық баж салығы салынады

Құжатқа қатысты сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы барысында 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін кейбір тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифінде көзделгеннен неғұрлым төмен импорттық кедендік баж қолдану мүмкіндігі берілген", – деді министр. 

Бақыт Сұлтановтың сөзінше, осыдан 2 жыл бұрын жоғары еуразиялық экономикалық кеңес жиынында Арменияның премьер-министрі бірыңғай кедендік тарифке көшу кезеңін ұзарту туралы ұсыныс жасады. Нәтижесінде 
Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары өтпелі кезең 2019 жылы аяқталған тауарларға қатысты төмен импорттық бажды қолдану мерзімін 1 жылға ұзартуға келісті. Осылайша былтыр шығарып тастау тізбесі 647 тауар позициясын құрады. 

"2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Арменияда тек 94 тауар қалды. Осы тауарға 
2022 жылғы 1 қаңтарға дейін төменгі импорттық баж салығы қолданылады. Бұл ет, жарма, көкөніс, асыл тас және түрлі жабдықтар", – деді сауда және интеграция министрі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу