ЕАЭО-да жеміс-көкөніс өнімдерін қадағалаудың цифрлық жүйесі енгізілмек

613

Құжат фитосанитариялық бақылау органдарына карантинге жатқызылған өнімді егістіктен сөреге дейін қадағалауға, ал бизнеске - ЕАЭО елдеріне жеміс-көкөніс өнімдерін әкелуге негізсіз тыйым салулар мен шектеулерді болдырмайды.    

ЕАЭО-да жеміс-көкөніс өнімдерін қадағалаудың цифрлық жүйесі енгізілмек Фото: gov.kz

28 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы карантинге жатқызылған өнімдерді қадағалау тәртібін бекітті.

Бұл туралы inbusiness.kz ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тәртіп ЕАЭО елдерінің аумақтарына әкелінетін және өткізілетін карантинге жатқызылған өнімге қолданылатын болады.

Құжат бір жылдан кейін, 2024 жылдың наурызында күшіне енеді. Фитосанитариялық қаупі жоғары өсімдік шаруашылығы өнімдері қадағалауға жатады. Бүгінгі таңда тізімде 35 өнімнің түрі бар, олар пияз, картоп, қызанақ, пияз, қырыққабат, салат, сәбіз, қияр, бұршақ дақылдары, тұқымдардың, жаңғақтардың, банандардың, кофенің жекелеген түрлері және басқалар.

Қадағалау ұлттық цифрлық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін ЕАЭО-ға қатысушы елдердің тиісті органдары ақпараттық жүйеге карантинге жатқызылған өнім партиясына қатысты жүргізілген карантиндік фитосанитариялық тексерулердің нәтижелерін енгізеді. Мұнда әрбір партияның бірегей сәйкестендіру нөмірі қалыптасады. Карантинге жатқызылған өнім партиясын алған кезде СЭҚ қатысушылары ақпараттық жүйенің көмегімен тауардың келгені туралы межелі елдің уәкілетті органына дереу хабарлауға міндетті.

Құжат күшіне енгенге дейін ЕЭК интеграцияланған ақпараттық жүйені өзара интеграциялауға арналған ақпараттық жүйелерді іске қосу үшін технологиялық құжаттарды пысықтайтын болады, ал уәкілетті органдар ұлттық ақпараттық жүйелердің өзара интеграциясы үшін дайындығын қамтамасыз етуге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу