ЕАЭО елдері "Қауіпті өнім" тізілімін "Сәйкес келмейтін өнім" тізілімі деп қайта атауды қолдады

Бұл туралы "Атамекен" ҰКП хабарлады. 

 ЕАЭО елдері "Қауіпті өнім" тізілімін "Сәйкес келмейтін өнім" тізілімі деп қайта атауды қолдады Фото: gov.kz

"Қауіпті өнім" термині қабылданған жағдайда тамақ өнеркәсібінен бастап ауыр машина жасау, құрылыс индустриясына дейін өнеркәсіптің барлық саласы қиын жағдайға қалар еді.

Өйткені осы тізілімге түскен деректер сол компания, бренд қызмет еткенше сақталады. Цифрлық технологиялар дәуірінде нұқсан келген беделден тіпті шетелдік нарықтарда да құтылу мүмкін емес. Соның салдарынан бренд атауын өзгертуге тура келеді, бұрыннан қалыптасқан бренд өшеді.

"Негізінде улы, токсинді, радиоактивті және жарылуға қауіпті заттарды қауіпті деп саналады. Осындай заттардың қатарына жай ғана техникалық регламенті бұзылған өнімді қоюға болмайды деп санаймыз. Дүкен сөресінде дұрыс сақталмағаны себепті бұзылып кеткен сүзбе сапасыз өнімдер дайындалған деген сөз емес", – деді "Атамекен" ҰКП Техникалық реттеу департаментінің директоры Жазира Шүйкебаева.

Еске салсақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тізілімге "қауіпті өнім" атауын беруге қарсы болған. Өйткені "қауіпті өнім" және "техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін өнім" түрлі ұғымдар.

Сондай-ақ, техникалық регламентті бұзу (мысалы, таңбалау, өнімнің майлылығы, ет, қант немесе басқа ингредиенттің мөлшері бойынша) өнімді "қауіпті" санатына қосуға себеп бола алмайды.

Кейінгі бір жыл ішінде Ұлттық палата осы мәселені парламент, ҚР үкіметі, сонымен қатар ЕЭК алаңында бірнеше рет көтеріп келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу