ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 6 миллиардқа жақындады

719

ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 6 миллиардқа жақындады

2017 жылғы қаңтар-маусымда Ақтөбе облысы бойынша өзара сауда ЕАЭО елдерімен 5,809735 мың АҚШ  долларын  құрады, оның ішінде экспорт – 269,184 мың АҚШ  долларын, импорт – 311789,5 мың АҚШ  долларын құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.

Ақтөбе облысы экспортының құрылымында басым бөлігін пайдалы қазбалар алады, олардың экспорттың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 81% құраса, химиялық өнеркәсіп өнімдері - 2% құрады.

Ресей федерациясы мен Беларусь республикасынан, негізінен, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары ЕАЭО елдерінен келетін импорттың жалпы көлемінен 14% құрайды, пайдалы қазбалар және одан жасалған бұйымдар (шыны және одан жасалған бұйымдарды қоса алғанда) - 14%, химиялық өнеркәсіп өнімдері - 27% әкелінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу