ЕАЭО елдерінің 100 мыңнан астам азаматына зейнетақы жарнасы төленді

202

2019 жылы ЕАЭО елдері еңбеккерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қол қойды.  

ЕАЭО елдерінің 100 мыңнан астам азаматына зейнетақы жарнасы төленді Фото: ТАСС

Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) арқылы ЕАЭО елдерінде еңбек өтілі жинақталған 100 мыңнан астам азамат үшін жарналар аударылды.

Бұл қадам Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (ЕАЭО-ға мүше елдер – Армения, Беларусь, Ресей Федерациясы, Қырғызстан және Қазақстан) азаматтарына тең жағдай мен бірдей тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО елдерінде жұмыс істеген азаматтар өздерінің зейнетақы құқықтарын жұмыс істеген елдің азаматтарымен тең дәрежеде қалыптастыра алады. Қазақстанда бұл келісім БЖЗҚ-ға жарна аударуды және зейнет жасына жеткенде немесе I, II топтағы мүгедектік жағдайында төлем алуды реттейді.

Мысалы, Қазақстан азаматы ЕАЭО-ға мүше елдердің бірінде 3-5 жыл еңбек өтілін жинаса, зейнетке шығу құқығы туындағанда өз елінде жұмыс істеген кезеңі үшін зейнетақы тағайындалады. Өтінішті азамат БЖЗҚ немесе тиісті мүше мемлекеттің құзыретті органына бере алады. Еңбек өтілі мен зейнетақы төлеміне қажетті құжаттар әр мемлекеттің ұлттық заңнамасымен реттеледі.

Қазақстанда ЕАЭО елдерінің еңбеккерлерінің еңбек өтілін растау жөніндегі құзыретті органдар – БЖЗҚ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті мен олардың аумақтық бөлімшелері. БЖЗҚ 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілі туралы деректерді ақпараттық жүйеден ұсынады.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша:

  1. Қазақстанда ЕАЭО елдерінің 105 029 азаматы үшін БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналары аударылды;
  2. 291 азамат үшін зейнетақы төлемдері тағайындалды, оның ішінде 266 – зейнет жасына жетуіне байланысты, 25 – еңбеккердің қайтыс болуына байланысты мұрагерлерге;
  3. Ресей мен Қырғызстан құзыретті органдары Қазақстанның 26 азаматына өмір бойғы зейнетақылар тағайындады. Ал 4 азаматқа асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты төлемдер берілді.

Келісімнің қолданылуы қысқа мерзімде болса да, ЕАЭО азаматтары үшін өз құқықтарын одақ елдерінде жүзеге асыру мүмкіндігі нақты қамтамасыз етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу