ЕАЭО Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құрады

576

Бұл ұйым инвестициялық ынтымақтастықты дамытып, экспорттық қарыздарды қамтамасыз етеді.

ЕАЭО Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құрады

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің премьер-министрлері Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустин Чолпон-Атада өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысында мәлім етті.

"Бизнеске көмектесуге бағытталған тағы бір ұйым пайда болады. Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы шешім қабылдадық, оны егжей-тегжейлі талқыладық. Ұйым өзара және сыртқы саудаға сақтандыру қолдауын көрсетіп, инвестициялық ынтымақтастықты дамытады, экспорттық қарыздарды, кредиттік агенттіктермен және сақтандырушылармен арадағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Осы орайда бағалы қағаздарды шығару және бірқатар жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр", – деді Мишустин.

Оның айтуынша, компанияға басқа да халықаралық серіктестер қосыла алады. 

"Коммерсант" басылымының мәліметінше, бұл компанияның негізгі құрылтайшылары – Ресей (45%) мен Беларусь (30%). Ал капиталдың 20%-ы Қазақстандыкі, 3%-ы Арменияныкі, 2%-ы Қырғызстандыкі. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу