ЕАЭО Туниспен еркін сауда туралы келіссөздерді бастайды – Бақытжан Сағынтаев

259

Сербиямен жекелеген уағдаластықтарды өзектендіру туралы шешім қабылданды.  

ЕАЭО Туниспен еркін сауда туралы келіссөздерді бастайды – Бақытжан Сағынтаев Фото: akorda.kz

ЕАЭО Туниспен еркін сауда туралы келіссөздерді бастайды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысынан кейін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, екі маңызды халықаралық құжатқа қол қойылды.

"Біріншіден, біз Туниспен еркін сауда туралы келіссөздерді бастаймыз. ЕАЭО преференциалдық келісімдер желісін жүйелі түрде кеңейтіп келеді. Тунис еуразиялық "бестік" мемлекеттері үшін Африканың қарқынды дамып келе жатқан нарығына шығудың стратегиялық нүктесі. Екіншіден, Сербиямен 2019 жылы қол жеткізілген жекелеген уағдаластықтарды өзектендіру туралы шешім қабылданды. Бұл жерде сөз қолданыстағы еркін сауда туралы келісімдегі тауарға ілеспе құжаттарға қойылатын талаптарды жеңілдету туралы болып отыр. Тиісті шара ЕАЭО мен Сербия арасында тасымалданатын тауарларды кедендік рәсімдеуді сапалы түрде оңайлатуға көмектеседі", – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев журналистерге берген жауабында.

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы одақ мемлекеттерінің үшінші елдермен ынтымақтастық мүмкіндіктері кеңейіп келе жатқанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу