ЕАЭО үшін Қытаймен өзара іс-қимыл құру маңызды – Қ.Тоқаев

448

Бақты-Аягөз учаскесінде ҚХР-ға жеке шекара өткелін салу мен теміржол қатынасын бастау жоспарлануда

ЕАЭО үшін Қытаймен өзара іс-қимыл құру маңызды – Қ.Тоқаев Фото: akorda.kz

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақтың өзге елдермен ынтымақтастығы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Одақтың негізгі саяси және экономикалық серіктесі – Қытай Халық Республикасымен тиімді өзара іс-қимыл құру өте маңызды. Сонымен бірге Қытай ең ірі жүк жөнелтуші және ең ірі клиент болып отыр. Өткен аптада мен осы елге мемлекеттік сапармен бардым, онда Сиань құрғақ портында Қазақстанның логистикалық орталығының құрылысын іске қостық. Бұл порт Орталық Азияға, Еуропаға, Түркияға және Иранға тікелей контейнерлік пойыздарды жіберудің негізгі хабы болады деп күтеміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев "Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция" атты Еуразиялық экономикалық форумда.

Бақты-Аягөз учаскесінде ҚХР-ға жеке шекара өткелін салу мен теміржол қатынасын бастау жоспарлануда. Президент бұл ретте Ресеймен табысты ынтымақтастыққа үміттенетінін айтты. Өйткені жоба ҚХР-ға тек Қазақстаннан ғана емес, Батыс Сібірден де тауар жеткізу қашықтығы мен мерзімдерін едәуір қысқартады.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу Ресей астанасына аттанды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу