"Ұлттық ақпараттық технологиялар" жеке кабинетте ЭЦҚ кілтін қайта шығару кезінде қосымша тексеру кезеңін енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қосымша тексеру екі жолмен жүргізіледі:
- SMS арқылы – Қазақстанның мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірге бір реттік код жіберіліп, оны енгізу қажет болады;
- eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттағы кодты енгізу арқылы.
Айта кету керек, бұл механизм Қазақстан бейрезиденттеріне қолданылмайды, себебі олардың телефон нөмірі елдің мобильді азаматтар базасында тіркелмеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу