banner

Егде жастағы 50-ден астам студент "Күміс университетте" білім алып жатыр

512

Павлодар педагогикалық университетінің Қосымша білім беру институты "Күміс университет" жобасы аясында жұмысын жалғастырып жатыр, деп жазады inbusiness.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Егде жастағы 50-ден астам студент "Күміс университетте" білім алып жатыр Фото: el.kz

Егде жастағы 50-ден астам студент аптасына бір рет компьютерлік сауаттылық, пішу және тігін, бейнелеу өнері және йога курстарына тегін қатысып жүр.

Егде жастағы адамдар тек лекцияларға ғана емес, сонымен қатар семинарларға, шеберлік сабақтарына белсенді қатысады, олар әртүрлі әлеуметтік-мәдени тақырыптарға үлкен қызығушылық танытады. Күміс университетінің білім алушылары оқу жылының соңына дейін сабаққа қатысады.

Толық курсты аяқтағаннан кейін барлық студенттер сертификаттар алады.

              

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу