Егер АҚШ пен ҚХР арасында соғыс басталса, оған АҚШ кінәлі болады - Қытай дипломаты

431

Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин, әлеуметтік желідегі парақшасында осындай мәлімдеме жариялады.

Егер АҚШ пен ҚХР арасында соғыс басталса, оған АҚШ кінәлі болады - Қытай дипломаты Фото: baqsa.firenews.video

Егер Коммунистік партия мен Америка арасында кенеттен әскери қақтығыс басталса, оған Қытай маңында жүрген әскери кемелер мен ұшақтар кінәлі болады.  

"Қытай келіссөздер үшін әрдайым ашық. Алайда оның заңды құқықтарына қайшы әрекеттер жасалса, ойланып қалмайды" деп қоса кетті дипломат. Бұл сөздерді ол Блумбергтің, АҚШ мемлекеттік хатшысы Блинкеннің Пекинге сапарының алдында жариялаған  мақаласына жауап ретінде айтқан.

Автор Қытайға Блинкеннің сөзіне құлақ асу керек деген емеурін білдіріпті. Хуа Чуньинге осы сөздер ұнамай қалған болуы керек, Ал Политико газеті, мемлекеттік хатшы бұл сапарында екі ел арасында бес айға тоқтап қалған дипломатияны қайта жандандырып, өшпенділікті азайтуға тырысады деп жазған. Сондай ақ кездесуде, Тайвань төңірегіндегі шиеленіс, Қытайда ұсталған АҚШ азаматтары және Украина мәселесі  талқыланады делінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу