Егер Грузия соғыс бастаса, ел құрдымға кетеді – Тбилиси мэрі

761

Ол Грузия халқының мүддесі, яғни елдің қауіпсіздігі үшін қолдан келгенді істейтінін мәлім етті.

Егер Грузия соғыс бастаса, ел құрдымға кетеді – Тбилиси мэрі

Егер Грузия Ресеймен соғысса, ел құрдымға кетеді. Ел астанасы Тбилиси қаласының мэрі Каха Каладзе осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біріншіден, соғыс басталмайды. Грузияда бейбітшілік пен тыныштық болады", – деді Каладзе.

Оның айтуынша, Грузия билігі халықтың мүдделері, яғни елдің қауіпсіздігі үшін қолдан келгенді істейді.

"Егер еліміз соғысты бастаса, мәртебе тұрмақ елдің өзі жойылады", – деді Каладзе.

"Біз мұны Украинада болып жатқан оқиғалардан түйіп отырмыз. Бірақ оны ескермегеннің өзінде, 2008 жылы Грузияда не болғанын еске түсірсе болады. Ол кезде аумақтар мен ауылдардан айырылып, көптеген адамдар қаза болды, үкіметтің кейбір мүшелері қашып кетіп, қалалар қирап қалды. Соғыс – өте ауыр нәрсе. Сондықтан біз елімізде бейбітшілік болуы үшін қызмет етуіміз керек", – деді қала мэрі.

Табиғат Нұрболат
Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу