Егер Ресей мұнай өндірісін қысқартса, Сауд Арабиясы арттыруға дайын

779

Бұған дейін Сауд Арабиясы Ақ үй мен G7 елдерінің өндірісті ұлғайту туралы ұсынысынан бірнеше рет бас тартқан болатын.

Егер Ресей мұнай өндірісін қысқартса, Сауд Арабиясы арттыруға дайын

Егер Ресей санкциялардың салдарынан мұнай өндірісін қысқартса, Сауд Арабиясы шикізатты жер астынан көбірек шығармақ, деп хабарлайды inbusiness.kz Financial Times басылымына сілтеме жасап.

Сауд Арабиясы билігінің ойынша, мұнай нарығындағы қазіргі жағдайға қарамастан, шикізат тапшылығы жоқ. Алайда ЕО санкцияларының салдарынан Ресейде мұнай өндірісі азайса, нарықта "қара алтын" тапшылығы орнауы ықтимал.

Бұған дейін Сауд Арабиясы Ақ үй мен G7 елдерінің өндірісті арттыру туралы ұсынысынан бірнеше рет бас тартқан болатын. 

Financial Times дерегінше, АҚШ делегациясының, яғни Таяу Шығыс және Солтүстік Африка жөніндегі Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің үйлестірушісі Бретт Макгурк пен АҚШ Мемлекеттік департаментінің энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Эймос Хокстиннің корольдікке жасаған сапары Эр-Риядтың осындай шешім қабылдауына ықпал еткен көрінеді.

Келіссөздер нәтижесінде Сауд Арабиясы мұнай бағасын төмендетіп, шикізат жетіспеген жағдайда өндірісті ұлғайтуға келіскен.

Табиғат Нұрболат

Фото: ejinsight.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу