Егіншілікке инвестиция салу қарқыны бәсеңдеді

954

Егіншілікке инвестиция салу қарқыны бәсеңдеді

Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық салымдар мал шаруашылығына қарай ойысуда. Есесіне егіншілікке қаржы салу бәсеңдеуде, деп хабарлайды naryk.kz. 

Жыл басынан бергі 8 айда ауыл шаруашылығындағы бизнеске 162,4 миллиард теңге салынған. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 7,2% артық.

Соның ішінде әдеттегідей басым бөлігі маусымдық егіншілікке бағытталды. Яғни, 61,2%-ы ауыл шаруашылығының осы түріне тиесілі.

Дегенмен, егіншілікке инвестиция салу қарқыны бәсеңдеп, былтырғымен салыстырғанда бар болғаны 1,3 миллиард теңгеге ұлғайған.

Ал мал шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 14,7 млрд теңгеге ұлғайып, 43,7 миллиард теңгеге жетті.

Соның ішінде 38,7 миллиард теңге кәсіпкерлердің өз ақшасы болса, 5 миллиард теңге банктердің берген несиесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу