Мысыр Қазақстан азаматтары үшін туристік виза құнын көтереді

197

Виза алымының өскені туралы Мысырдың туристік компаниялар мен агенттіктер палатасының құжатында көрсетілген. 

Мысыр Қазақстан азаматтары үшін туристік виза құнын көтереді Фото: canva

1 наурыздан бастап Мысыр шетелдік туристерге, оның ішінде Қазақстан азаматтарына арналған кіру визасының құнын көтереді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Келген кезде рәсімделетін виза бағасы 25 доллардан 30 долларға дейін, яғни 5 долларға қымбаттайды.

Бұл шара туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және Мысырдың туристік бағыт ретіндегі бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында енгізіліп отыр.

Өзгерістер Каир және Хургада әуежайлары арқылы келетін туристерге қатысты болады. Ал Шарм-эш-Шейх қаласына баратын қонақтар үшін бұрынғыдай 15 күндік тегін "Синай мөрі" сақталады. Бірақ Синай түбегінен тыс жерге шығатын болса, ақылы виза рәсімдеу қажет.

Жаңа виза алымы Мысыр әуежайларында және шекаралық өткізу бекеттерінде келген кезде рәсімделетін визаларға қолданылады.

Туристік компанияларға турбағдарламаларды алдын ала жаңартып, шетелдік серіктестермен келісу және клиенттерге жаңа тарифтер туралы хабарлау ұсынылды. Бұл әсіресе көктем мезгілінде Мысырға сұраныс жоғары болатын кезеңде маңызды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу