Египет тегін транзиттік визалар бере бастады

298

Египет билігі ел аумағында төрт тәулікке дейін тегін транзиттік виза алуға мүмкіндік берді. 

Египет тегін транзиттік визалар бере бастады Фото: eadaily

Бұл туралы дүйсенбіде Каирдегі EgyptAir авиакомпаниясының Бас кеңсесінде хабарланды, деп жазады inbusiness.kz

Әуе тасымалдаушысы өкілінің айтуынша, "енді Мысырға 8-ден 96 сағатқа дейін кіру үшін транзиттік виза алу мүмкіндігі пайда болды". Транзиттік визаны Каир халықаралық әуежайына келгеннен кейін тегін алуға болады, деп қосты ол.

Egypt Air кеңсесі мұндай визаны алғысы келетін жолаушы ұшып келгеннен кейін авиакомпанияның транзиттік кеңсесіне хабарласып, арнайы анықтаманы толтыруы керек екенін түсіндірді.

Egypt Air атап өткендей, мұндай шешім "мемлекеттің жалпы бағытында тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және Египеттің саяхатшылары мен қонақтарына қолдау көрсету үшін" жалпы туризмді жандандыру мақсатында қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу