Акула Қызыл теңіздегі Марса-Алам курорттық қаласының жағалауында туристерге шабуыл жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Марса-Аламның солтүстігінде екі шетелдікке акула шабуыл жасады деген хабар келіп түсті. Соның салдарынан біреуі жарақат алып, екіншісі қаза тапты", – делінген Египеттің қоршаған орта министрлігінің хабарламасында.
Куәгерлердің айтуынша, жыртқыш алдымен ұлына шабуыл жасаған көрінеді. Әкесі баласын құтқаруға тырысқан. Өкінішке қарай, әкесі бір аяғынан айрылып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Айта кетейік, оқиға жүзуге арналған аймақтан тыс жерде болғанына қармастан, Египет билігі төтенше жағдай жариялап, Марса-Алам ауданында жүзуге тыйым салды.