Мысырда жер сілкінді

424

Бұл туралы Мысырдың Ұлттық астрономия және геофизика ғылыми-зерттеу институты хабарлады.  

Мысырда жер сілкінді Фото: report.az

Мысырда магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты Oxu.Az басылымына сілтеме жасап.

Жер асты 5,6 балдық дүмпуі Суэц маңында тіркелді. Әзірге қаза тапқандар мен қираған ғимараттар туралы ресми ақпарат жоқ.

Деректерге сәйкес, жер сілкінісі 3 тамызда Суэц қаласынан солтүстікке қарай 38 шақырым жерде болған.

Мысырдағы Қызыл Жарты Ай қоғамы жер асты дүмпуі сезілген провинцияларда төтенше жағдайларға ден қою жоспарын іске қосқанын хабарлады. Ұйым тұрғындарды құрылымына зақым келгені байқалатын ғимараттарға жақындамауға және құзырлы органдар жағдайды бағалап жатқан кезде ресми ақпарат көздерінің хабарламаларын бақылап отыруға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу