Египеттік "Air Cairo" Қазақстанға рейстер ашты

507

А-320 типті әуе кемесі аптасына екі рейс жасайтын болады. 

Египеттік "Air Cairo" Қазақстанға рейстер ашты Фото: ortcom.kz

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Египеттің авиациялық билік орындарымен бірлесіп "Air Cairo" египеттік әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Air Cairo" әуекомпаниясы Астана – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 13 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі және жұма) және Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 14 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен А-320 типті әуе кемелерінде тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.

Билік Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік әрі мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деген сенімде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу