Египеттің Хургада қаласында таеквондодан G2 санатындағы Egypt Open турнирі өтуде. Алғашқы жарыс күнінде екі спортшымыз қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
80 келідегі Нұрлан Мырзабаев пен 49 келідегі Айнұр Есбергеновалар рейтингілік турнирде үздік үштікке енді. Екі спортшымыз да жартылай финалда қарсыластарына есе жіберді.
Египеттені турнирге әлемнің 25 мемлекетінен 242 спортшы қатысуда. Бүгін Қазақстан сапынан Эльдар Бірімбай, Қайрат Сарымсақов, Фариза Алдоңғарова мен Дениз Жансель сынға түседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу