ЕХРО көрмесіне билеттер тек үш санат бойынша сатылады

1191

ЕХРО көрмесіне билеттер тек үш санат бойынша сатылады

ЕХРО көрмесіне билеттер тек үш санат бойынша сатылады, деп хабарлайды 24.kz.
Ақпарат көзінің дерегінше, олар – көрмеге тек белгіленген күні келуге құқық беретін 4 мың теңгелік билет, көрмеге аптаның кез келген күнінде баруға мүмкіндік беретін 6 мың теңгелік және 2 мың теңгелік кешкі билеттер. Яғни демалыс күндерге арналған билеттер енді болмайды. Ал абонемент 50%-ға арзандап, шілде ортасынан бастап 25 мың теңгеден сатылады. Сәйкесінше зейнеткерлер мен мектеп оқушылары үшін абонемент құны 12 мың 500 теңгені құрайды. 
ЕХРО-2017 көрмесі сауда департаментінің директоры Дәурен Еркінбаевтың айтуынша, бұл өзгерістер әлеуметтік маркетингтік зерттеулерден кейін енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу